Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Даужанов Нәби Тоқмырзаұлы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Н.Даужанов 1964 жылы туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының Қызылорда облысы бойынша филиалын және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, сондай-ақ Мәскеу ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, технологиялық бетон және темірбетон институтының аспирантурасын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Еңбек жолын Жалағаш ауданы Аққұм кеңшарында құрылыс бригадасының жұмысшысы ретінде бастаған.
1995-1996 жылдары – Мәскеу ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, технологиялық бетон және темірбетон институтының ғылыми қызметкері.
1996-2001 жылдары – Қызылорда политехникалық институтының аға оқытушысы, ақпараттық-есептеу орталығының бастығы.
2001-2018 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері, факультет деканы, проректоры.
2018-2019 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры.
2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 614 0