Көптің көкейіндегі өзекті ойлар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған ал­ғашқы Жолдауын қалың көпшілік ерекше ықыласпен қа­был­дады. Өйт­кені онда елді тол­ған­ды­рып жүрген бас­ты тақырыптар қоз­ғалды.

Айталық, елі­міз­дің бей­біт­­шілігі мен тұрақ­тылы­ғына арқау болған қоғамдық келісімді нығайту бағытында әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келі­сімді сақтай отырып, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді арттыра түсу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсі­ніс­тікті қалыптастыра беру­дің маңыздылығына тоқталды.

«Қазақ тілінің мем­ле­­кет­тік тіл ретіндегі рөлі кү­шейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Сон­дай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деді Президент. Шындығында, қандай да бір ұлттың тағдыры оның тіліне байланысты. Бүкіл тарихы, мәдени және рухани қазынасы тіл арқылы танылады. Сондықтан Мемлекет басшысы елдің көкейіндегі өте өзекті мәселені дер кезінде назарға алды деп ойлаймын.

Тағы бір көңіліме қон­ғаны, «Біз заңнамамызды із­гі­лендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың не­гізгі құ­­қықтарын назардан тыс қал­дырдық. Зорлық-зом­бы­лық, педо­филия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіре­се, балаларға қатысты қы­л­мыстарға қолда­ныла­тын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деген сөзі. Осы орайда табиғат байлығын қынадай қырып жатқан броконьерлерді де тәу­бесіне түсіретін қатаң шара қабылдауды Үкімет на­зарына ұсынды. Расында, қа­зақ халқының қанында бол­маған осындай қатыгездік әре­кеттер соңғы уақытта белең алып бара жатқаны көңілді құ­лазытады. Ұрпағымыздың бо­ла­шағы үшін бұл тұрғыда бұл­жымайтын қатаң жаза түрін тағайындау қажет дегені өте орынды. Сол секілді, мемлекеттік қызметті реформалау, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы тың бастамалар көңілге қонымды.

Жолдау – алдағы кезеңде ат­қарылатын негізгі іс-шара­лардың бағыт-бағдары. Оны орындауға ел болып жауап­тылық танытқанымыз жөн.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қыркүйек 2019 г. 210 0