Түрі адамнан аумайтын бұзау жұртты таңғалдырды (видео)

Аргентинадағы Вилья-Ана қаласының тұрғыны түрі адамға қатты ұқсайтын бұзаудың видеосын жариялады. Бұзауды тірідей көргендер бұл жайтқа қатты таңғалғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төрт аяқты жануардың мұрны мен аузы кішкене. Неге екені белгісіз ол туғалы басын жерден көтере алмаған. Бас сүйегі қатты өзгеріске ұшыраған бұзау араға бірнеше сағат салып өлді. Жергілікті фермерлер оның адамға қатты ұқсайтынын көріп таңғалғанын жасырмады.
«Бұл физикалық, химиялық, биологиялық агенттердің әсерінен болған сирек кездесетін мутация түрі. Осы мутация, тіпті, оның генін өзгерткен», - деді генетика саласының сарапшысы Николас Манаго.




СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 11 қыркүйек 2019 г. 649 0