Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігі мен орталығында үсік жүреді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдағы тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын уақытша тоқтайды. Ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1…3°С үсік жүреді. 

Бірақ 13 қыркүйекте Батыс Сібірден келетін кезекті арктикалық фронттар Қазақстанның солтүстік аймақтарына, содан соң орталық және шығысына өз әсерін тигізеді. Мұнда да қайтадан жаңбыр басталып, нормадан төмен ауа температурасы сақталады. 

Қалған аймақтарда жауын-шашын болмайды, күн ашық. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қыркүйек 2019 г. 368 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930