Екі күн бойы "Жолда қабылдау" акциясы өтеді

Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті 13-14 қыркүйек күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді.

Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды. 

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан  шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.

«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:

1. Қызылорда қаласы – теміржол вокзалының алды, «Мерей» шағын ауданы №16 үйдің ауласы;        

2. Арал қаласы – «Қанағат» базары, Қызылорда көшесі

3. Қазалы ауданы – орталық алаң, Қ.Пірімов көшесі

4. Қармақшы ауданы - теміржол вокзалы, Железнодорожная көшесі;

5. Жалағаш ауданы – Амангелді көшесі, «Бәйтерек» базарының жаны;

6. Сырдария ауданы – «Арзан базар», Амангелді көшесі

7. Шиелі ауданы – орталық стадион, Жақаев көшесі, "Жадыра сауда үйі», Сейфуллин көшесі

8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Амангелді көшесі.

9. Байқоңыр қаласы – Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.  

Шара таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 18-ге дейін жалғасады.

13-14 қыркүйек аралығында 30-50-30, 30-41-32 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс жасайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қыркүйек 2019 г. 387 0