Қала күнін тойлау ресми ашық деп жарияланды

Бұл туралы бүгін Қала әкімдігінің жаңа баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова мәлімдеді.
«Бүгін 18:00-де «Ашық аспан астында» тақырыбымен жастар фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Жастар жылын атап өту мақсатында өткізілетін шараға көңілді тапқырлар алаңы жобасына қатысушы республикалық үздік 11 команда бақтарын сынап, эстрада жұлдыздары қала тұрғындарымен жастарға көтеріңкі көңіл - күй сыйлайтын болады. Шығармашылық жастарды қолдау арқылы өзге облыс орталықтарындағы жастарды шақыра отырып тәжірибе алмасуды ұйымдастыру Қала әкімі Н.Нәлібаевтың тікелей қолдауымен жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, Сыр жастарының әнұранын қалыптастыру мақсатында республикаға танымал әділ қазылардың қатысуымен анықталған "Жастар әні" байқауындағы үздік ән осы жастар фестивалінде таныстырылатын болады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта қала күні аясында өтетін 40-қа жуық көпшілік шаралардың тізбесі жасақталып, биылғы жылдың ерекшелігі ретінде мәдени апталықтарға бөлінді:
11-14 қыркүйек аралығы – «Қызылорда - армандар орындалатын қала» жастар апталығы;
15-21 қыркүйек – «Жанұяммен мақтанамын» қайырымдылық шараларға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған апталық;
23-28 қыркүйек – «Туған жер – Алтын бесік» атты білім апталығы;
30 қыркүйек пен 12 қазан – «Мәдениет мәйегі – Қызылорда» мәдениет және руханият апталығы;
12 қазан – «Алтын дән -2019» облыстық Сыр еңбеккерлерінің фестиваль қорытындысы, қаланың әр мөлтек аудандарында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері; Қала күніне арналған іс-шаралардың жабылу ГАЛА-КОНЦЕРТІ, мерекелік отшашу, марапаттаулар өтеді.»- деді қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова.
«Ашық аспан астында» жастар фестивалінде өңірлердің түкпір - түкпірінен келген 11 команданың үздік әзілкештері «24 сағат», «ҚазИИТУ» Орал қаласы, Қарағанды облысы «Қарағанды құрамасы», Жамбыл облысы «Шу-чу», «Тараз 2000», «Арыс» Түркістан облысы, «Ауылдар құрамасы» Алматы қаласы, «Арал-Ас» Арал ауданы, «Қармақшы құрамасы» Қармақшы ауданы, «Қорқыт Жастары» Қызылорда қаласы, «Қорқыт» құрамасы сайысқа түсетін болады.
КТА ойындарына қазылық ету мақсатында Қазақстанның эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Нұржан Керменбаев, белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров арнайы шақырылды. Кеш жүргізушісі - белгілі шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қыркүйек 2019 г. 439 0