Қызылордада 8 млн теңгенің заттарын қолды еткен ұрылар ұсталды

Қызылордада пәтер ұрлығы және бірнеше қылмысқа қатысы бар екі тұрғын сотталды. Олар жәбірленушілерге 8 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласының екі тұрғыны пәтер ұрлығын түнгі уақытта жасаған. Олар жатын бөлмесінің терезесі арқылы үйге кірген. Сөйтіп теледидар, зергерлік бұйымдар және бағалы киімдерді қолды еткен.
«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдік келтірілген қаланың екі тұрғыны бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизодқа қатысты қылмысы әшкереленді. Күдіктілер жасаған барлық қылмысын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7 млн 785 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Сот үкімімен олардың бірі 3, екіншісі 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұдан бұрын Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 адам қолға түскенін хабарлаған едік.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қыркүйек 2019 г. 174 0