Белгілі исламтанушы Сыр еліне келді

Белгілі теолог, исламтанушы ғалым Еркебұлан Қарақұлов Сыр еліне сапарлап келді. Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі осы сапарында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында өткен семинар-тренингке қатысты. 

Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын алу жолдары» тақырыбындағы шара қала мектептеріндегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, кент және ауыл әкімдері, АТТ мүшелері, мешіт имамдарына арналды. 

Жиында Еркебұлан Ыбырайымұлы «Деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын алу жолдары» тақырыбында сөз етіп, дін саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Олыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов «Діни толеранттылық – тұрақтылық кепілі» тақырыбында әңгіме өрбітіп, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жан-жақты түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар өздерінің дін саласына қатысты сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қыркүйек 2019 г. 401 0