Футболдан VII облыстық чемпионат өз мәресіне жетті

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының және Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен футболдан VII облыс чемпионаты үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастау алып қыркүйек айында өз мәресіне жетті.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – аймағымызда спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, барлық елді мекендерде футбол ойының одан әрі дамыту, тұрғындардың дене шынықтырумен жүйелі шұғылдануға тарту, спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету, облыс құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып республикалық жарыстарға қатыстыру.

Облыс чемпионаты екі айналым, 14 турдан тұрса, жеңімпаздар 7 аудан және Қызылорда қаласының командалары арсында анықталды.

Ақтық ойын Қызылорда қаласындағы Локоматив стадионында өтті, ауданымыздың құрама командасы Жаңақорған командасымен 5:5 есебімен тең дәрежеде ойнап чемпионатты жүлделі ІІ орынмен аяқтады.

Облыс біріншілігінің қортындысы бойынша 29 ұпаймен ІІ орынды Қармақшы ауданының «Қорқыт – елі» командасы иеленді.

Сонымен бірге ауданымыздың құрама командасының ойыншысы Байшылықов Мадияр біріншіліктің «Үздік сұр мерген» номинациясымен мараппатталды.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қыркүйек 2019 г. 148 0