«Qarbyz Fest – 2019»

Сейсенбі күні орталық алаңда «Ұлағат ұландары» жасағының «Qarbyz  Fest  - 2019» шарасы өтті.

Жастардың басын қосқан «Qarbyz  Fest  - 2019»  облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған.

Өздерін «Ұлағаттықтар» деп атайтын педагог ұйымдастырушылар биылғы жылы өздерінің 20-шы жазғы тынығу лагерь маусымын аяқтады. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жаз маусымында 40 студент-жас облысымыздағы 8 тынығу лагерінде тәлімгерлік қызмет атқарды.

Шара барысында Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп,  жаз мезгілінде тынығу лагерьлерінде белсенділігімен көзге түскен тәлімгерлерді маусым қорытындысымен құттықтап, үздіктерді марапаттады.

  «Qarbyz  Fest  – 2019» фестивалі биылғы жылы сегізінші мәрте қала тұрғындарын қызықты сайыстарымен, көңілді концерттік бағдарламасымен қуантып келеді. Шараға қала тұрғындары, жастар ұйымдары, жас көшбасшылар және «Ұлағаттықтар» қызмет атқарған лагерь тынығушылары қатысты. Қала жастары «Қарбыз кескіш», «Қарбыз жегіш», «Қарбыз көтергіш» сынды сайыстар бойынша бақ сынасты. Кештің ерекшелігі лотерея да, қонақтар назарынан тыс қалған жоқ. Ол үшін қатысушылар өздері алып келген 1 қарбызды лотерея билетіне айырбастау қажет. Фестиваль соңы би кешімен аяқталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қыркүйек 2019 г. 190 0