Сора еккендер ұсталды

Жаңақорған аудандық полиция бөлімі және облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері Төменарық елді мекенінен 17 шақырымдай жерде өсіруге заңмен тыйым салынған есірткі затына ұқсас өсімдік өсірген аудан мен Қызылорда қаласының тұрғындарын ұстады.
Оқиға орнын қарап-тексеру жұмыстары барысында 149 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп анықталды және тіркеуде жоқ 1 тегіс ұңғылы қару алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi адамдар тобымен заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған 3 азамат уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды, оларға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қыркүйек 2019 г. 111 0