Нұр-Сұлтан қаласында сырбойылық жәрмеңке өтіп жатыр

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтіп жатыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жәрмеңкеде елордалықтар үшін күріш, қауын, балық, ет, көкөніс, бақша өнімі қолжетімді бағада саудалануда. Тоқшылық мерекесі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыры» ойын сауық кешенінің маңында ұйымдастырылып, ертең де жалғасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2019 г. 168 0