Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанда 1-3 қазан аралығындағы ауа райы жауын-шашынсыз, түн аязсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазақстанға қарай жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен салқынның келуін тоқтатты. Антициклонның Батыс Сібірдің солтүстік-шығысына, оңтүстігіне ығысуына қарай ауа температурасы көтеріліп, орташа көпжылдық мәнге жақын болады», делінген хабарламада.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2019 г. 294 0