ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы қызметіне Нұрбол Қапешов тағайындалды. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев Facebook -тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
«Қапешов Нұрбол Қабдылұлы 1980 жылы туған, жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Бұл салада тәжірибесі жетерлік. 31 арнадан бастап «ИнтерньюсНетуор» өкілдігінде, Азаттық радиосында, Астана телеарнасында, Қазақстан ұлттық арнасында журналист, редактор қызметтерін атқарған. Елдегі, шетелдегі бар, байқағандарыңыздай жан-жақты қызмет істеген жігіт. Ақпараттың қазанында қайнап, эфирдің ар жағында талай сауатты сараптамалық бағдарламалардың жүгін арқалапты. Енді тыңнан түрен салып, баспасөз қызметінде бабын сынайды», - деп жазды ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2019 г. 280 0