Алдағы үш күн жауын-шашынсыз болады

Қазгидромет 3-5 қазан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Суық антициклонның орта тұсы Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды, дегенмен оның тарамдары әлі де Қазақстанның бірнеше облысындағы ауа райына ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болып, түнде тоң қатады. Орталық және шығыс облыстарда түнгі ауа температура минус 1…7°С, кей жерлерде 12°С-қа дейін суытады. Күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, бірақ әзірге климаттық нормадан төмен болады. Тек батыс аудандарда ауа температурасы көп жылдық орташа мәннен 3…5°С жоғары болады», - делінген хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қазан 2019 г. 275 0