Хабарландыру

 Қызылорда облыстық мәсли­ха­тының кезекті 37-сессиясы  2019 жылғы 16 қазанда сағат 15:00-де облыстық мекемелер үйінің (Бейбарыс Сұлтан к., 1) мәжіліс залында ашылады.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:

1.   «Облыстағы жергілікті авто­мобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Қызылорда облыстық   мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі №107 шешімінің орындалу барысы туралы.

2.   «Кемтар балаларды әлеу­меттік және медициналық-пе­дагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңының облыста орындалуы туралы.

3. «2019-2021 жылдарға ар­нал­ған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №271 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

4.   Қосымша мәселелер.

Облыстық мәслихаттың тұ­рақ­ты комиссияларының оты­рыстары 2019 жылғы 16 қа­занда сағат 09:30-да, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат 11:00-де өткізіледі.

 

 Облыстық мәслихат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қазан 2019 г. 235 0