Қазалыда «Sulpak» сауда орталығы ашылды

Қазалыда сауда нарығында 25 жыл бойы көш бастап келе жатқан ең ірі әрі танымал бағада электроника және тұрмыстық техника сататын «SULPAK» дүкендер желісінің жаңа сауда орталығы ашылды.
Сауда орталығының ашылу салтанатында аудан әкімі М.Ергешбаев лента қию рәсіміне қатысып, аудан тұрғындарын осы қуанышты оқиғамен құттықтап сөз сөйледі.
Кент орталығында орналасқан сауда нүктесінің тұсаукесеріне келішулер көптеп жиналды. Себебі, супермаркетте төмен бағадағы тауарлардың үлкен ассортименті ұсынылған.
Теледидарлар, кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар, смартфондар және басқа да санаттағы тұрмыстық техника мен электрониканың жетекші брендтерін, компьютерлер, планшеттер, сондай-ақ электроника әлеміндегі барлық заманауи гаджеттер мен жаңалықтарды сатып алуға мүмкіндік бар.
Бүгін супермаркеттің Қазалыдағы нүктесінің ашылуына орай тұтынушыларға арналған акция өткізілуде. 
   
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қазан 2019 г. 255 0