Болатбек Сүлейменов атындағы дзюдодан халықаралық турнир өтеді

5-6 қазан күндері "Евразия" СК-де Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменов атындағы дзюдодан 2000-2001 жылдары туылған жастар арасында халықаралық турнир өтеді.

Биыл он тоғызыншы мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен жəне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 10 облысынан 200-ден аса татами шеберлері 14 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.Жарыс ұлдар арасында 7 салмақта: 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі, қыздар арасында 7 салмақта: 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келіде өтеді.Мақсаты - Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алу, саламатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау.5 қазан сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде жарыс басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді.Жарыстың бас төрешісі: Ришат Бурлов (Қызылорда).

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2019 г. 487 0