Экранда – Бекзат бейнесі

Түркістанда «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген фильм Сидней Олимпиадасының чем­пионы, жасындай жарқ еткен жұлдыз Бекзат Саттар­хановтың өміріне арналған.

Ерте сөнген жұлдыздың санаулы ғұмырындағы жігерлі жетістіктерін, қайтпас қайсарлығын, ұлжандылығы мен намысқойлығын көрсету арқылы бүгінгі ұрпақты рухтандыру, саламатты өмір салтын насихаттауды мақ­сат еткен фильмнің алғашқы көр­се­тіліміне даңқты спортшының ата-анасы, туыстары арнайы қатысты. «Бекзаттың имандылығы, үлкенді сыйлайтын кішіпейілділігі, қазақылығы, табандылығы, алға қойған мақсатын орындайтын қайсар мінезі қазіргі қазақ жастарына керек», дейді Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов.

Фильм тұсаукесерінде сөз алған  «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төр­­ағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев фильмнің түсірілім жұ­мыстары Түркістан, Алматы және Ыстанбұл қалаларында өткенін айтып өтті. Картинаның режиссері – Мұрат Бидосов, сценарийін Сержан Закерұлы жазған. Басты рөлді 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған жас актер Самат Әзімқұлов сомдаған. Фильмнің сюжеттік желісінде Бекзат Саттархановтың балалық шағы, бозбала кезеңі және өмірінің соңғы сәті қамтылған. Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан ша­ғын ауылдың қарапайым тіршілігі бала Бекзаттың көзімен бейнеленеді. Бокс­қа келген алғашқы сәттері, аян­бай тер төккен жаттығулары, жарыс­тар­дағы жеңісі, Олимпиада шыңын ба­ғындырған сәттері көрініс тапқан толық­метрлі картина қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрермен назарына ұсынылмақ. Ал «Хабар» арнасында желтоқсан айында көрсетіледі.

Егемен.кз
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2019 г. 511 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031