Уақытша ауыз су беру тоқтатылады

Қызылорда қаласының Бөкейхан көшесіндегі ескі ауыз су құбырына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қазан күні сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін Көшербаев көшесінен К.Яссауи көшесіне дейін, Бөкейхан көшесінде және «Шұғыла» мөлтек ауданы №1а, №7 а көпқабатты тұрғын үйлерінің тұтынушыларына ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Осыған байланысты «Қызылорда су жүйесі» МКК әкімшілігі тұрғындарға қажетті ауыз су көлемін жинап алуын және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауын сұрайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қазан 2019 г. 517 0