Қала әкімі көпбалалы аналарды қабылдады

Кеше қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімдігі жанындағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» бір топ көпбалалы аналарды қабылдады.
Аналарды алаңдатқан сұрақ – атаулы әлеуметтік көмек. Яғни, қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар АӘК бойынша әр ай сайынғы тағайындалатын төлем сол айда түссе деген талаптарын жеткізді.
Дегенмен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 36 тармағына сәйкес: Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады» делінген.
Осы ретте, барлық жиналған азаматшаларға АӘК аталған бұйрықтың талаптарына сәйкес төлентіндігі және басқа да көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың Заңдылығы туралы түсіндірме берілді.
Бұған дейін де көпбалалы аналармен бірнеше рет кездесулер мен жиналыстар өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілген.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қазан 2019 г. 228 0