Әлем тербеткен әуен

Облыстық филормонияның концерт залында қазақ музыка әлемінің ұлы тұлғасы, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Еркеғали Рахмадиевтің шығармашылығына арналған «Әлем тербеткен әуен» атты кеш өтті. 

Еркеғали Рахмадиев қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры, симфония­лық күй жанрының негізін қалаушы, «Қамар сұлу», «Дала таңы», «Алпамыс» операларының және «Құдаша-думан» симфониялық күйлерінің, «Аман­гелді толғау» сим­фо­ния­лық поэмаларының авторы.

Кеште М.Мақұлбеков, А.Ерболат, А.Хайрулла, Г.Нағашыбай, Ж.Жүсіпов, ­С.Байсейітова атақты композитордың «Сағындым еркем», «Алматы кеші», «Таң самалы», «Қамар сұлу», «Махаббат таңы» секілді шығармаларын тыңдарман құлағының құрышын қандыра орындады.

Қазақ музыка өнерінің дәуір дастанын толғаған тұлғаның жүрек түкпірінен шыққан әуендер өз өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2019 г. 163 0