Қызылордада жастар туралы фильм жарыққа шықты (видео)

"J7" продюсерлік орталығы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қолдауымен жастарға арналған "Белес" атты жаңа фильмді жарыққа шығарды, - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі. 
Онда іргелі оқу ордасында білім алушы жастардың өмірі баяндалады. Сонымен қатар, студенттерге жасалған мүмкіндіктер көрсетілген. Басты рольдерді университет түлектері мен студенттері, белгілі азаматтар сомдап шықты.
Жастар жылына тарту болған жаңа туындының көрсетілімінде университет ректорының міндетін атқарушы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бақытхан Әбдікәрімов, продюсерлік орталық директоры Жасұлан Алдабергенов сөз сөйледі. Түсірілімге атсалысқан шығармашылық топ өкілдері университет ректорының Алғыс хатымен және төсбелгісімен марапатталды.





​​​
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2019 г. 239 0