"Өнер фестивалі-2019" байқауы өтті

 Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық - ресурстық орталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Өнер фестивалі-2019" байқауы өтті.
Достық үйінде және облыстық жастар орталығында ұйымдастырылған өнер байқауы 7 түрлі жанрды қамтыды және дарынды жастар «Үздік ғылыми жоба» байқауында бақ сынады. Байқауға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 100-ге жуық жас таланттар қатысты. Өнерпаздар Халық биі, Заманауи би, Эстрадалық ән орындау, Ерекше жанр, Шығарма, Жас суретші, Қолөнер жанрлары бойынша сайысты.
Айта кетейік, Өнер фестиваліне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Маметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, Болашақ университетінің жас таланттары қатысты. Өнер фестивалінің қорытындысы бойынша 5 қазан күні гала концерт өтіп, жүзден жүйрік шыққан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өнерпаздары 1-орын иеленіп теледидармен,  2-орын алған "Болашақ" университетінің өнерпаздары музыкалық жиынтықпен, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі 3-орын еншілеп, қысқатолқынды пеш және арнайы статуэтка, диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2019 г. 123 0