Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты еліміздің үш облысында және елордада ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 14 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавл қаласында да қатты жел болатындығы ескертілуде. Болжамның дөп келу ықтималдығы 90-95%. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 14 қазанда елордада да таңертең және кешке тұман түсіп, қатты жел соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қазан 2019 г. 125 0