Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы қымбаттады

 Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты Инфляция таргеттелген 4-6 пайыздық дәлізінен асқан жоқ. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады. Алдыңға айда ол 5,5 пайыз болған еді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша әсер еткенін атап өту керек. 2017 жылдың басынан бері ол ең жоғарғы 9,1 пайыздық деңгейге жетті. Ет бағасы - 13,5 пайызға, нан, тоқаш өнімдері мен жарма - 12,7 пайызға өсті. Олардың инфляциялық үлесі – 1 пайыз. Бұл тауарлар әлемдік баға мен экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттады», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.
Ерболат Досаевтың айтуына қарағанда, азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасы инфляцияны тежеуге ықпал етуде.
«Азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі 5,4 пайыз болды. Бұл 2015 жылғы қазаннан бері минимум болып отыр», - деді ол. Ерболат Досаевтың сөзіне сенсек, жыл қорытындысы бойынша инфляция белгіленген дәлізде қалады. «Инфляция 5,7-5,8 пайыздық деңгейде қалыптасады», - деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қазан 2019 г. 130 0