Қаладағы бірқатар тұрғын үйде газ болмайды

Ертең, 15 қазан күні сағат 9-дан 13:00-ге дейін облыс орталығындағы бірқатар көшеде газ болмайды. Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.
«ҚазТрансГаз» және «Интергаз» компанияларының қысқа дайындық жұмыстарын (Скаткова көшесінде орналасқан №9 ГРП-да диаметрі 150 мм болатын ысырманы ауыстыру) жүргізуіне байланысты Шүкіров, Жеңіс, Иманов, Пушкин, Дәуітбаев, Хизатов, Ж.Баһадүр, Әбілқайыр хан, Қоңыратбаев, Есенов, Байтұрсынов көшелеріндегі тұрғындарға табиғи отынның берілуі уақытша тоқтатылады. Осылайша 940 жеке сектор немесе 250 қөпқабатты тұрғын үй газдан ажыратылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қазан 2019 г. 791 0