Спорт шеберлерін құттықтады

Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Ысқақұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Орманұлы қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Азия чемпионатының жүлдегерлері Абусейт Реметов мен Радбек Фазыловты қабылдап жеңісімен құттықтады.  
Естеріңізде болса 3-7 қазан күндері Алматы қаласында өткен қол күрестен Азияның ашық кубогінде қос спортшы жеңіс төрінен көрініп, 2 орынға қол жеткізген болатын. Шыңғыс Азнабаевтан тәлім алатын бұл спортшылар келер жылы Румынияда өтетін әлемдік додаға қатысуға жолдама алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қазан 2019 г. 321 0