"Жолда қабылдау" акциясы өтеді

Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментімен ағымдағы жылдың қазан айының 18-19 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.
Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасының басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды.  
Акция барасында халыққа ішкі істер органдары  көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан  шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:
1. Қызылорда қаласы– Орталық алаңда орналасқан №2 бекет, « Арай»  мөлтек ауданы №14,2 бекеті;
2. Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі
3. Қазалы ауданы – орталық алаң, Қ.Пірімов көшесі
4. Қармақшы ауданы - «Теміржол вокзалы» Железнодорожная көшесі;
5. Жалағаш ауданы –  Аманкелді көшесі, Бәйтерек базары жанында;
6. Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі;
7. Шиелі ауданы – орталық стадион, Жақаев көшесі
8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.
9. Байқоңыр қаласы – Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.
Аталмыш шара сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін  жалғасады.
18–19 қазан аралығында 30-33-20, 30-50-30, телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайды. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қазан 2019 г. 331 0