Мәдина Ералиеваның жалғыз ұлы бір өкініші барын айтты

Қазақтың ақбаяны, бұлбұл әншісі Мәдина Ералиеваның ұлы көңілінде қалған өкініші барын ашып айтты.  Әрсен Ералы анасын қуантып, тірі кезінде бір сый жасамағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасап.

"Анама бір сый жасамаппын. Осындай өкініш қалды", - деді ол. 

Майра Ілиясованың идеясымен Мәдина Ералиеваны еске алу кеші ұйымдастырылды. Онда әншілер өнер көрсетті. Концертте Мәдина Ералиевадан аумай қалған әнші ән айтты.

Көрермен мен өзге әншілер оны Мәдина Ералиеваның сыңары деп бағалады. 

"Сыртынан қарасаң, құдды Мәдина тіріліп келгендей. Даусы да, түрі де ұқсайды", - дейді Майра Ілиясова. 

Әнші концерттен түскен қаражатты Ералиеваның ұлына табыстамақ. Ал, Әрсен ақшаны анасының 70 жылдық мерейтойына жұмсауды жоспарлап отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қазан 2019 г. 406 0