Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша сайысты

Көп жылғы дәстүр бойынша азаматтық қорғау органдардың құрылған күніне орай «Локомотив» стадионында өрт сөндіру-құтқару спортынан сайыс өткізілді. Жарысқа облыс өрт сөндіру бөлімдерінен және Төтенше жағдайлар Департаменті мен Ресей Федерациясының №70 федералды өртке қарсы қызметінен құралған 17 команда қатыстырылды.

Іс-шара өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту және облыстағы танымалдылығын арттыру, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.  .

2 күнге ұласқан жарыста қатысушылар 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4 қабатына көтерілу, жауынгерлік қанат жаю, жылжымалы сатыны оқу мұнарасының 3 қабатына орнату және көтерілу тәртіптері бойынша сынға түсті:

Жалпыкомандалық уақытының қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласы  №8 өрт сөндіру бөлімінің спортшылары бірінші орынды иеленді. Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі - екінші орында. Үшінші орынға  Қызылорда қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қазан 2019 г. 328 0