Бизнесті қорғау мәселесі талқыланды

Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қатерінен қорғау» тақырыбында кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысында облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының заң мәселелері бойынша орынбасары Салават Құлмахан хабарлама жасады. Осыған сәйкес, кеңес мүшелері мәселенің аймақта жүзеге асуы бойынша пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Атап айтсақ, қала аумағында құлдырап қалған кәсіп орындары ғимараттарын дамытуға қызығушылық білдірген кәсіпкерлерге беру жайлы ұсыныс болды. Сондай-ақ, аймақта мал терісін қабылдайтын бірде-бір орын жоқ. Жалпы алғанда мал терісі – өнім шығаруға таптырмайтын табиғи материал. Бірақ оны өңдейтін орнын дайындау мен құрылғыларын орнату үлкен қаржыны талап етеді. Осы орайда билік тарапынан жергілікті ауқатты кәсіпкерлерге аталған бизнес жолын дамытуға ұсыныстар жасалса деген пікір айтылды.

Жиын соңында  кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемеге назарға алу үшін жолданатын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2019 г. 212 0