Дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды

Алматылық дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып тастап, жержаңғаққа қақалып қалған екі жасар баланың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Балаларға арналған медициналық жәрдем орталығының хабарлауынша, медициналық мекемеге алты жастағы баланың анасы келіп, ұлының тиын жұтып қойғанын айтып көмек сұрған.
«Шұғыл түрде баланың асқазаны рентгенге түсірілді. Рентген кішкентай баланың асқазанында бөтен зат, яғни 100 теңгелік тиын бар екенін көрсетті. Дәрігерлер операциясыз эндоскопиялық жолмен асқазаннан бөтен затты шығарды. Ота сәтті өтті. Бүгін бала ауруханадан шығарылды» - деді жедел жәрдем бөлімінің бастығы Мейіржан Құрманалиев.
Осы тектес оқиға келесі күні де қайталанды.
«Біздің ауруханаға екі жасар бала кешкі уақытта түсті. Анасының айтуынша, баласы жержаңғақ қосылған шоколад жеп отырып қақалып қалған. Бүлдіршінің түні бойы мазасы кетіп, ыстығы көтеріліп, тынысы тарылған. Нәтижесінде анасы мен баласы жедел жәрдеммен біздің ауруханаға жеткізілді. Балаға кеуде қуысының рентгенографиясы, өкпенің компьютерлік томографиясы, бронхоскопия жасалды. Осыдан кейін «тыныс алу жолдарында бөтен зат тұр» деген диагноз қойылды. Тексеру барысында сол жақ өкпенің дем алмайтыны анықталды, бұл өкпенің абсцессіне әкелу қауіпін төндірді «, - деді дәрігер.
Дәрігерлер жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, кішкентай науқасқа уақтылы көмек көрсетті. Қазір сәбидің жағдайы жақсы. Оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр. Жалпы, жыл басынан бері шұғыл көмек көрсету орталығына әртүрлі заттарды жұтып қойған 120-ға жуық бала жүгінген.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2019 г. 248 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930