Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы қандай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік қызметке арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажеттігін баса айтты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткен жастармен кездесуге де осы мәселе негіз болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті мұрындық болған шараға аймақтағы ЖОО-да «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатысты. Кездесуде департамент басшысы Нұрман Талқанбаев мемлекеттік қызметтің жаңа моделін түсіндіріп, жастарды болашақта адал қызмет етуге шақырды.

Қазір білектінің емес, білімдінің заманы. Алғырлығымен, біліктілігімен өзін дәлелдеген жанның қалаған қызметке орналасып, жоғарылауына мүмкіндік бар. Тұтастай алғанда, белсенді жастардың мемлекеттік қызметте шыңдалуына барлық жағдай жасалуда. Бұл үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер базасы да қалыптастырылған, деді департамент басшысы.

Сонымен қатар басқосуда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов, жас мемлекеттік қызметші, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Әзиз Мыңтай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай орамды ойын ортаға салды. Қатысушы студенттер де пікір айтып, көкейіндегі әрбір сұрағына жауап алуға тырысты. Осыдан-ақ, олардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.

Қосымша мәлімет ретінде айта кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі едәуір жоғарылаған. Мәселен, облыстың өзінде 3539 мемлекеттік қызметші болса, оның 558-і  29 жасқа дейінгі жастар.


М.СНАДИН



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2019 г. 274 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930