Атыңызға неше телефон нөмірі тіркелгенін қалай білуге болады?

Қазақстандықтар енді атында неше ұялы телефон нөмірі тіркелгенін анықтай алады. Мұндай мүмкіндікті цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды деп хабарлайды Sknews.kz.

Атыңызға неше нөмір тіркелгенін білу үшін сілтемеге өтіп, imei.rfs.gov.kz/checkiin/ жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) теріңіз.

Егер сізге қажет емес артық ұялы телефон нөмірлері бар екенін байқасаңыз, байланыс операторының кеңсесіне барып жағдайды анықтаңыз.

Бөгде адамдардың оларды басқа мақсатта қолданып жүруіне жол бермеңіз.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2019 г. 834 0