Басты мақсат – ауылды дамыту

 Ауыл әйелдер форумын өткен жылы Астана қаласында республикалық деңгейде өткізген болатынбыз. Бұл бастама форум қатысушылары тарапынан қолдау тауып, өңірлерді қамтуға ұсыныстар берілді. Сол кезде Қызылорда өңірі бірінші болып қолға алған еді. Биыл да облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен жоғары деңгейде өткізіп отыр. Біздің басты мақсатымыз – ауыл әйелдерінің жетістіктерін тану және ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру, жұмыссыздықты жою, ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту мәселелерін талқылау, соның ішінде жасыл экономика мен ТДМ-2030 принциптерін енгізу.
Бұл ретте мемлекетте ауылды тұрақты дамытып, тұрғындар табысын еселеуге басымдық беруде. Түрлі бағдарламалардың қолға алынып, ел игілігіне жолдануы осының бірден бір дәлелі. Біздің ұйым осы бағдарламалардың жүзеге асуына үлес қосуда. Ауыл тұрғындарына нақты ақпарат беріп, оған қатысуға қандай мүмкіндіктердің бар екендігін жеткізіп отырмыз. Ауылдық жерде кәсіп бастау үшін біздің тараптан идеялар ұсынылуда, бизнес жобалар бойынша грантқа ие болу мүмкіндіктері де бар. Осының барлығын тиімді пайдалануға ауыл адамдарын шақырамыз, әсіресе, ауыл аналарын.

Салтанат Рахимбекова,
«Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы»
заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2019 г. 204 0