Форумның маңызы зор

Бүгінде елімізде еңбек етемін деген жанға қолдау көп. Мен көпбалалы анамын. Бала-шағамның несібесі үшін 2011 жылы “Балапан” бағдарламасы арқылы балабақша ашып, өз кәсібімді бастағанмын.
Онан кейін ауыл балаларының әлеуетін көтеру, олардың тәрбиесіне кішкене болса да үлес қосу әрі ауылымызды көркейту мақсатында 2018 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында спорт кешенін аштық. Қазіргі таңда 280 бала осы кешенде спорттың әртүрімен айналысуда. Алға қойған мақсатымыз көп.
Форум осы мақсаттарымыздың жүзеге асуына, ойымыздың, идеямыздың жаңаруына жол ашты. Себебі, ауыл әйелдері мемлекеттік бағдарламаларды білу үшін әкімдікке не “Атамекен” кәсіпкерлік палатасына бара бермейді. Бұл жерде ашық диалог орын алуда. Біріміздің білмегенімізді біріміз айтып, түсіндіріп, көптеген пайдалы ақпараттарға қанығудамыз.
Осылай ауыл әйелдерінің басын қосып, олардың кәсіп ашуына, оны жетілдіруге бағыт бағдар беруді ұйымдастырып, қолға алған облыстық ішкі саясат басқармасына ризалық көңілді жеткізгіміз келеді.
Әсемкүл Ермаханова,
жеке кәсіпкер,
Жаңақорған ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2019 г. 210 0