Электр энергиясының шекті бағасы төмендеді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары электр энергиясының шекті бағасында төмендеу көрсеткіші байқалатынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде комитеттің облыстағы департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова нақтылап берді.
- «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметінің тарифі төмендетілді. Яғни үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап 1 кВт/сағатқа ҚҚС-сыз 4,932 теңге немесе бекітілген тарифтен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді, – деді Г.Сейітбекқызы.
Мамандар заң аясында тексеру нәтижесіне орай бірқатар мекемлердің заң нормаларын сақтағамандығын алға тартып отыр. Бұл ретте «2019 жылдың 9 айында 16 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Анықталған заң бұзушылықтардың алдын алу және жою мақсатында33 нұсқама шығарылып, олардың 24-і орындалған.
- Тарифтік сметалардың орындалу есептеріне талдау нәтижесі бойынша 18 субъектіге 29 уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, 0,1%-дан 88,2%-ға дейін қолданыстағы тарифтері төмендетілді,-дейді Гүлмира Сейітбекқызы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2019 г. 234 0