Білім беру саласы цифландыруға көшті

Өңірде 46 инновациялық мектептер желісі құрылып, ғылыми-инновациялық, математикалық жобалау және робототехника бағыттары дамуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
- Облыста барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылып, цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс жасауда. Шағын жинақталған мектептер оқуға қажетті «BilimBook» кешендерімен толық қамтамасыз етілген. Аймақ мектептерінің 60%-ы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе, компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Мектептерде "STEM" бағдарламалары енгізіліп 43% робототехника кабинеттерімен жабдықталды,-деді Майра Тұрғанбайқызы.
Сондай-ақ, өздеріңізге белгілі, биылғы оқу жылында Арал ауданында облыстық дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-интернаты құрылды. Ендігі міндет – түлектердің әлемнің ең үздік оқу орындарынына түсуге жағдай жасау. Ауыл мен қала мектептері арасындағы сапа айырмасын болдырмау. Бұл мақсатта мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жалғасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2019 г. 363 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930