Сенім жәшігі орнатылды

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 21 тамыз күні «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Партия мен үкіметке маңызды тапсырмалар жүктеді. Тапсырмалардың бірі – жоғарғы оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Осы бағытта «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» Жастар қанаты аталған мәселе бойынша жұмыстарды белсенді түрде бастап кетті. «Таза сессия» науқаны аясында аймақтағы ЖОО студенттерінен сауалнамалар алынды және жатақханаларға партиялық бақылау жасалды.

«Nur Otan» партиясы «Jas Otan» Жастар қанаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен, «Ақмешіт адалдық алаңымен» бірлесе аймағымыздағы барлық ЖОО-на және жатақханаларға «Сенім жәшігін» орната бастады.

Бүгін «Сенім жәшігі» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратына және №5 жатақханасына орнатылды. Шара барысында облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды.


 




















 




















 










ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2019 г. 380 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930