Жер учаскелерін игермеудің 1074 жағдайы анықталды

Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында жер заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі қаралды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Жиында облыс прокуроры Н.Бижанов игерілмеген жер учаскелерін қайтару мен айналымға тарту, салықтың төленуі, жерге кезектілік, оны табыстау мен бөлшектеужәне қаланың бас жоспары бойынша жер заңнамаларын бұзушы фактілерін атап өтті.

Прокуратура өкілдері  жер учаскелерін игермеудің  1074 жағдайы анықталған. Оның 408-і - кәсіпкерлік, қалғаны - ауыл шаруашылық мақсатында. 

Жергілікті әкімдер игерілгені жөнінде хабарланған жайылымдық жерге қарсы тексеруде оның 20%-да мал басы тіркелмегені анықталды. Уәкілетті инспекцияның игерілмеген жерлерді уақытылы тексермеуінен бірнеше жер учаскесі басқа тұлғаларға сатылып, нысаналы мақсаттары тұрғын үй салуға ауыстырылған. Бас жоспар талаптары сақталмай табысталған жер телімдері прокурордың наразылығымен кері қайтарылды. 

Отырыста жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, қалалық әкімдік басшыларының есептері тыңдалып, оларға тиісті міндеттер жүктелді.

Облыс прокурорының жүйелі заңсыздықтарды болдырмау бағытында іс-шаралар жоспарын бекіту, жұмысшы тобын құру, уәкілетті органдардың тоқсан сайын есептерін тыңдау туралы ұсыныстары облыс әкімі тарапынан қолдау тапты.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2019 г. 280 0