Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған ауыл әкімі қызметінен кетуі мүмкін

Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған ауыл әкіміне қатер төнді, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 
  Ақмола облысында ауыл әкімі қарамағындағы қызметкерлерін балағаттап, басы бәлеге қалды. Ал сөзі өтпегендермен төбелесіп алады екен.
- Маған неге беріп жібермейсің....
- Кешіріңіз. -
Ей, ... ақталма...
Естіген құлаққа түрпідей тиер сөзді Садовый ауылдың округінің басшысы қарамағындағы маманға телефон арқылы айтып тұр. Серік Әжібаевтің қылығы зығырданын қайнатқан болуы керек, маман оның боқтық сөздерін жазып алған.
 Ғаламторды шарлап кеткен үнжазба Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жеткенде, қызметіне сасқан әкім өзі боқтаған маманға 1 миллион теңге "ауызбастырық" ұсынып, қолхат та беріпті.
Әкімнің өзі, мәселесі қаралған Әдеп кеңесінде мұның бірін мойындаған жоқ. Десе де енді оның қызметінде қалуы екіталай. Кеңес Зеренді ауданы әкіміне Серік Әжібаевті жұмыстан шығаруға ұсыныс жасады.
"Бұл менің дауысым емес. Комиссиядан өз еркіммен қызметтен кетуіме мүмкіндік беруін сұраймын", - деген әкім.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қараша 2019 г. 360 0