Қазалыда 24 сағат жұмыс істейтін супермаркет ашылды

 Әйтеке би кентінде «Ramazan» супермаркеті ашылды. Екі қабат қабаттан тұратын нысанның жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайды.

Аудан орталығындағы Жанқожа батыр көшесінің бойынан ашылған кәсіпкерлік нысан тұрғындарға 24 сағат қызмет көрсетеді. Супермаркетте сапалы және төмен бағадағы азық-түліктер, жеміс-жидектер және тұрмысқа қажетті тауарлардың барлығы бар.

Ауданымызға белгілі жеке кәсіпкердің бірі Дариға Сабырдың айтуынша сауда орнында 10-ға жуық адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2019 г. 192 0