Оқу жаттығу: Протон құлады

Қармақшы ауданы Диірментөбе елді мекенінің аумағында үстіміздегі жылдың 31 қазан-1 қараша аралығында «Протон-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару, өңірлік құрылымдық күштердің дайындығын пысықтау болып табылады.

Тәжірибелік іс-қимылға төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі республикалық комиссиялар, эвакуациялық комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.

Сонымен бірге оқу–жаттығуына 63 техника мен 450-ге жуық адам жұмылдырылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2019 г. 214 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930