Қармақшыдағы ерекше байқау

Бүгін Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты тақырыпта батагөй қариялар арасында бата беруден аудандық байқау өтті.
Байқауға ауданға қарасты 2 кент, 12 ауылдық округтен бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қарияларымыз қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысымен І орынды Ақай ауылдық округінен Махамбетов Дәріқұл атамыз, ІІ орынды Жосалы кенітнен Малбағаров Әбілқасым атамыз, ІІІ орынды Дауылкөл ауылдық округінен Жәлиева Шаһар әжеміз иеленді.
Іс-шара соңында жүлделі орындардан көрінген қарияларымыз аудандық ардагерлер кеңесінің тарапынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2019 г. 171 0