Балабақшадағы былық: іші лас, тоңазытқыш бос

Облыста іші лас, тоңызтқышы бос, дәрігері жоқ балабақша жұмыс істеп келген. Балғындарға тамақ та уақытылы берілмеген. Тексере келе, тіпті қызметкерлерінің санитарлық құжаттары болмағаны анықталды. Бұл мәселе "Nur Otan" партиясының назарына ілікті. 
Олар арнайы комиссия құрып, мекемені тексеріп, заңсыздықтардың бетін ашты. Балабақшада түскі асты еден жуушы дайындап келген. Ал оның қолында санитарлық кітапшасы жоқ. Проблема мұнымен бітпейді. Мекеме қызметкерлері әлеуметтік желіде сорақылықтарды өздері жария еткен. Қабырғада теледидардың орнына смартфон ілулі тұрса, ас үйге шағын газ плитасы қойылған. 
"Nur Otan" партиясы бұл мәселеге бей-жай қарай алмады. Орталық аппараттан мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия жіберіпті. Олардың арасында бақылау қызметінің инспекторы Айжан Ысқақова да бар.  

Аида Әбибуллаева, 
партия  филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы:
 
- Лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармағанына көз жеткізіп отырмыз. Тамақ сапасы, белгіленген ас мәзірі талапқа сай емес. Қадағалаушы комиссия жұмысының еш құжаты жоқ. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері азық-түліктің неден дайындалғанын анықтауға тырысты. Бірақ тоңазытқыштар бос тұр. Ал балабақша бүлдіршіндерді бес мезгіл тамақтандыруы тиіс. Ол үшін миллиондаған теңге бөлініп келген.  

Жарасхан Мырзалиев, 
Жаңақорған кенті әкімінің міндетін атқарушы:   

- Балабақшаның жылдық бюджеті - 88 миллион теңге. 10 миллион ас-ауқатқа бөлінеді. Келетін бала саны - 41. Күн салқындауына байланысты ол 28-ге қысқарып отыр. Бір күнге бір балаға 450 теңге бөлінеді. 

Анар Ізден, 
партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрайымының орынбасары: 

- Жыл басында 5 миллион теңгеге жуық қаржы бір уақытта жеткізушілерге жөнелтіледі. Олармен дұрыс байланыс орнатпаудың соңы балабақшадағы тамақтану қорының жоқтығына әкеп отыр. Біз камераларды тексердік. Хронологияны ақтардық. Балалар екі рет таңғы ас, сосын түскі ас пен кешкі ас ішуі керек болған. Алайда, ол берілмей келген. 

Құжат бойынша бұл бөбекжай санаториялық бағытта жұмыс істейді. Бірақ мұнда қарапайым санитарлық талаптар орындалмай келген. Партиялықтар "Алпамыс" балабақшасында штаттық қызметкерлердің де саны сәйкес келмейтінін анықтапты. 50 штаттық бірлікте 62 қызметкер жұмыс істеп жүр. Бірақ бұл бергі жағы ғана.  
 

Анар Ізден, 
партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрайымының орынбасары: 

 - Біз мұнда істейтін қызметкерлердің санитарлық кітапшаларын көрген жоқпыз. Олармен еңбек шарттарын да жасаспаған. Дәрігер-фтизиатр да жоқ. Тиісті маманның болмауы балалардың антропометриялық деректерінің бұзылуына алып келіп отыр. 

Қазан айының соңында балабақшадан кейін партия мүшелері аудан әкіміне ескерту жолдады. Бүгіннің өзінде жұмыс өз нәтижесін беріпті. Мектепке дейінгі мекеме адам танымастай өзгерген. Қабырға мен еден сырланып, жаңа ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника жеткізілген. Қойма азық-түлікке толған. Жұмысын атқара алмаған балабақша басшысы қызметінен шеттетіліпті. 

А.Мүтәлі, 
Ш.Сақтапова.
"Астана" телеарнасы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2019 г. 574 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930