Қазалыда жаңа көпір пайдалануға берілді

Қазалыда Бекарыстан би мен Қожабақы ауылын байланыстыратын көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Қожабақы-Бекарыстан би» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Көпір құрылысын «Жылу-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Аудан тұрғындары үшін маңызы жоғары көпір құрылысының аяқталуын әсіресе Бекарыстан би, Майдакөл ауылының тұрғындары асыға күтті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2019 г. 236 0