Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қармақшы ауданы әкімінің өкімімен Жарқын Омаров аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жарқын Тұрмаханұлы 1976 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993-1994 жылдары АТС мекемесінде 3-сыныпты электрмонтер болып бастаған.

Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. 1998-2000 жылдары №250 мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етті. Одан кейін әр жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері, жетекші маманы, аудан әкімі аппараты бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бөлім басшысы болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2019 г. 360 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930