Қызылордада полицияға пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталды

Қызылордада автокөлік жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлеріне пара беру үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлік жүргізушісі олардан әкімшілік хаттама толтырмауын сұраған. «Күдікті кінәсін толық мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2019 г. 181 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930