Өнер бәйгесінде - отбасылық ансамбльдер

Бүгін Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан республикаға танымал күйші, қобызшы Махамбет, Романқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты отбасылық ансамбльдердің байқауы өтті.
Шара облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірге отбасылық құндылықтарды насихаттау, өңіріміздегі отбасылық ансамбльдердің шығармашылық деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Байқау қорытындысымен үздік өнер көрсеткен Сырдария ауданының Сәдуақасовтар ансамблі Бас жүлдені, Жаңақорған ауданы Айсыновтар ансамблі І орынды, Арал ауданы Сыдықовтар ансамблі ІІ орынды, Сырдария ауданы, Шаған ауылының Сарыбаевтар ансамблі ІІІ орынды жеңіп алды.
Осындай игі шараны ұйымдастыруда ұйытқы болған Қазалы ауданының Әуезовтер отбасылық ансамбліне Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы естелік сыйлығы табысталды.
Отбасылық құндылықтарды насихаттап, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген өнер ұжымдарына шығармашылық табыстар тілейміз!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2019 г. 133 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930